Араб тілінен енген сөздер





                                       

   Араб тілінен енген сөздер
             Амал

«Амал айы» өткен соң,
Күн жылынып, ерір тоң.
Дегенде үлкен кісілер,
Наурызды еске түсірер.
Мұнан да басқа «амалдың»
Омонимі  бар таласпа.
Күйретіп жаудың қамалын,
Әдісін біліп жол тауып.
Әперген женіс Алашқа,
Қолбасшы біліп «амалын».
Сөз мәнін білсе артық па,
Тіл таныр жасқа саналы.

                   
                 Алла

Осы сөзбен бесігіңде таныстың,
Ер жеткен соң мәңгілікке табыстың.
Мейіріміне бөленген сан мұсылман,
Аллаға сен  дей алмайсың, алыспын.
Алла, сірә, басты сөзі Арабтың,
Әлим сақтан әжетіңе жараттың.
Әміріне бір Алланың бойсұнып,
Жазираға ілімінде тараттың.
Осы өлең өріміне өрілген,
Біршама сөз
Бізде қырға керілген.
Арабтардан
Тарағаны дау тудырмас тегінде,
Деген ойға
Ертелі- кеш берілем.


              Сүлеймен  Баязитов