Отан





          ОТАН

Сөзін жазған С. Баязитов

1. Бабамның қаны тамған жер,
Сан жаудан қорғап қалған жер.
Қымбат бізгі мұрасың,
Асқарың мен қырағың.

Қайырмасы:
Құс қанатын талдырған,
Бастауы шөлді қандырған.
Отаным - менің байтағым,
Мың алғыс саған айтамын.

2. Айдынды шалқар көлдерің,
Теңізің, құмың, шөлдерің,
Ақ түтек боран, аптабың,
Алаулап атқан таңдарың.

Қайырмасы:
Құс қанатын талдырған,
Бастауы шөлді қандырған.
Отаным-менің байтағым,
Мың алғыс саған айтамын.

3. Шуағын төккен мәңгілік,
Айтады сені ән қылып.
Күй болып әсем төгілген,
Отаным, сүйем сені мен.

Қайырмасы:
Құс қанатын талдырған,
Бастауы шөлді қандырған.
Отаным-менің байтағым,
Мың алғыс саған айтамын.


                     Сүлеймен Баязитов