Кітапхана






                   Кітапхана

      Мая Әбдірахманқызына.

Ұлы бастау сан бұлақтан құралған,
Адамзаттың ой санасын суарған.
Сен жайлы әсем  сыр шертумен келеді,
Тарих беті сарғыш тартып қуарған.
Кітапхана, сенің атың менің ана тілімде,
Бірге жасап өткенім де бүгін де.
Бастаумен сен келесің,
Асыл арман, арналы кең білімге.
Сен туралы тистімін білуге,
Тарихыңа терең рас үңіле.
Берген сайын қаскөй жандар түбіңе,
Болған жетпек оқығанда түңілдім.
Өртенсең де отқа оранып, күл болып,
Жеттің аман Алтын ордам бүгінге.
Отырардағы ордалы ойдың мекені
Өртенгені өзегімді өртеді,
Бәз біреуге мұның тіптен мәні жоқ,
Бәз біреуге ертегі.
Дегенмен тарихтан сабақ алмаған,
Тасыр азба айналасын жалмаған.
Бір білгіштің нұсқауымен кітапхана
Бірде кітап қалмаған қаңырап.
Сол кездерді алам кейде есіме,
Құдіретті ой адамзаттың көшіне.
Қазағымды ілестірген алға бастап сен едің,
Сарқылмайтын сепкен қырға несібе.
Қорған болған кітапхана қорына,
Қарындастар есіне алған болар, бәлкім,
Жеңіп шықты сол күресте ол онда анық,
Кітапхана ісі басты оңына.
Бүгін тағы саған беттеп келемін,
Оқиын деп ұлы ақындар өлеңін.
Сан ғылымның басын қосқан, тереңім,
Ой маржанын теңізінен теремін.

                      Сүлеймен Баязитов