Тың сөз жасап көрейік.



 Тың сөз жасап көрейік.

Ата деген сөзден сен
«А» - ны алып тастасаң,
«Та» қалады білдің бе?
Ана деген сөздең сен
«А» - ны алып тастасаң,
«На» қалады білдің бе?
«Та» мен «на» түбірдің
Қалдығы дер білгендер.
Тек өтінем күлмеңдер,
 «Та» мен «На»- дан келіңдер,
Тың сөз жасап көріңдер.
Та ға «С» - ны қоссаңыз,
«Тас» болады емес пе?
Алмастырсаң «Б»- менен,
«Бас» деген сөз емес пе?
«Б» орнына «Н» жазсаң,
«Нас» болады емес пе?
Енді «На»- ға келейік,
Тың сөз жасап көрейік.
«Н» - ны жазсаң, «нан» деген.
«Ж» - ны жазсаң, «Жан» деген.
Алмастырсақ «қ»- менен,
Сөз шығады «қан» деген.
Осы шығар, сірә да,
Әр сөзде бар мән деген.

                 Сүлеймен  Баязитов