Ит айтақтап, құс салып,
Сұры қашып сұстанып.
Қанжарын қолға алатын,
Далада,
Қалада
Әман ылаң салатын.
Қанды балақ қарақшы
Өзінен асқан сорақы
Қарақшыға тап келіп,
Шайқасқанда кетті өліп.
Жұмылған сәтте жанары
Жиында өткен қаралы
Тамағын кенеп бір досы,
«Ой, бауырымдап» күңіреніп:
- Жан еді батыр саналы.
Енді бірі: «Жоғалттық»,
-Деп зарлады,- дананы.
Сандалған қазақ әділдік
Қақпасын қашан қағады?!
Әділдік аты Алланың,
Алланы қайтсе табады.