ХАНТАЛАПАЙ




Сөзін жазған С. Баязитов

1. Ханталапай, талапай
Ойнайықта кел, балақай!
Шиырамын асықты,
Қалма қапы, алақай!

        Қайырмасы:

Алшысынан хан күліп,
Әр жүректе жанды үміт.
Басталды да талапай,
Кетті бөлме жаңғырып,
Кетті бөлме жаңғырып.

2. Ептілік пен сәттілік,
Ұтсам деген тәтті үміт.
Талапайды қыздырып,
Алдық әп-сәт жаттығып.

          Қайырмасы:

Алшысынан хан күліп,
Әр жүректе жанды үміт.
Басталды да талапай,
Кетті бөлме жаңғырып,
Кетті бөлме жаңғырып.

3. Бірде ұтылып, бірде ұтып,
Ата-салтын пір тұтып.
«Ханталапай» ойнаймыз,
Алда жеңіс тұр күтіп.

       Қайырмасы:

Алшысынан хан күліп,
Әр жүректе жанды үміт.
Басталды да талапай,
Кетті бөлме жаңғырып,

Кетті бөлме жаңғырып.