Сені жырлаймыз.
Қазақстан, байтағым,ардағымсың,
Ақыл – ойым, мұратым, толғанысым.
Сені жырлау ақынның арманы ғой,
Жонда жортқан жаужүрек жолбарысым.
Күйкі ойлардан арылып, санам сергіп,
Жыр пегасқа, тәуекел, салдым терлік.
Сен дегенде ерекше үнім шалқыр,
Көрмесі қақ мұнымды ешкім ерлік.
Өзім үшін ерлік бұл баға жетпес,
Абайша айтсақ жыр - алау.
Сол майданда жұлдызым жарқыраса,
Ләзәтті іс қой өлгенше естен кетпес.
Сәулетті сөз, кестелі ой, пікір асқақ,
Тың істерге елімді жатса бастап.
Төгілгенде, туған ел, сені жырлап,
Әр жүрекке кете алсам бір шоқ тастап.
Мұратыма емес пе жеткендігім,
Өзек өртер ұмытар өткенді кім?
Өз елімде өркендеп өсіп – өнем,
Өткізе алмас енді ешкім өктемдігін.
Қазақстан, байтағым, ардағымсың,
Әлемге аян Отаны ордалы істің.
Сая тапқан сан ұлттың өкілдері,
Ынтымақ пен бірліктің қорғанысың.
Елім десе жыр болып төгілетін,
Есімдерін оқырман ел білетін
Ақындарым тәуелсіздікті жырлап,
Танытты елге жырыңның құдіретін.