Төле бидiң түйесiн,
Баға жүрiп төскейде.
Қара тобыр жұртыңа,
Көрсеттiң бе сес кейде.
Оны бүгiн тап басып,
Айта алатын жоқ пенде.
Көшер болса ұлы сең
Жаншып, езiп көшпей ме.
Жойқын күш ең жолыңды,
Қалың қырсық торлаған.
Жау қолынан қаза боп,
Хан әкең мен сорлы анаң.
Панасы жоқ жетiм ең,
Тастай қашқан ұлысын.
Жауыр атқа ер салып,
Көз жазған соң жорғадан.
Кiмдер сенi есiркеп,
Сипады екен басыңнан.
Байқаса ғой сол сәтте,
Кейiпiңдi ашынған.
Ерсiң биiк Алдияр,
Қалай ғана сидың сен,
Оза туған тұрқыңмен.
Көп тобырға ғасырдан.
Абылайлап қол бастар,
Арман сәттi күттiң бе.
Әруақ қонып, бақ артып,
Дарығанын құт күнде.
Сезген шығар жас жаның,
Тазарғанын аспанның.
Көшiп кесiр бұлт мүлде,
Туған сәтте Алдияр.
Ел басына қиын күн,
Бiр Аллаға сыйындың.
Тас түлектей түйiндiң,
Халқым сенiң құлыңмын.
Сенiменен түлермiн,
Серпiп құлдық құрығын.
Жүрегiңнiң сол сәтте,
Ұқты дейсiң күйiн кiм...
Аңыз болып тараған,
Есiмiңе, ғасырға,
Күйе жақтық хан - ием.
Күлкi қылдық тасырға!
Сол тасырдай сор маңдай,
Ақылымыз кенде екен.
Ұққанымыз кемде - кем.
Күйе жағып болмасын,
Көктен түскен жасынға.Сүлеймен Баязитов