Қаныш пен Мағзұм


            Қаныш пен Мағзұм
 
 – Мағаз, сенің сыймайды – ау бойың елге,-
Деді Қаныш Мағзұм ойын бөле.                     
 «Неге?» деп те ол онан сұрамаған.
Сойыл тиіп ел анау тұралаған.
Сенделген шақ қан жұтып қасіреттен,
Талайлардың жазықсыз басы кеткен.
Отыз жеті ылаңы қара тасқын,
Қаһардайын қақырап түскен көктен.
Жайсаңдарды шағы еді жайпап өткен.
Мақаңа да оқты көз қадалғанын,
Арашалай алмасын адал жанын
Сезген ғалым Мақаңа сездірген де,
Тұрғанында тұтанбай алау жалын...
Іштей ұғып, түсінді Мақаң мұны,
Кешігудің боларын қымбат құны.
Бұлт бүркенген Қызылтау, ата қоныс,
Мақаң қимай қоштасты тап сол түні.
Ата – баба мұрасын жинаған жан,
Ой маржанын халқына сыйлаған сан,
Шежіреші шерліні Ресейде
Төрге отыр деп қазақтар қинаған сан,
Шыға алмастан қос үрей құрсауынан,
Сәттері көп қиялмен құр сабылған.
Атажұртқа ат басын бұрды Мақан.
Құшақ жая қарсы алды қыр сағынған.
Көмекейі шешеннің бүлкілдеген,
Жан болмады танымай «бұл кім?» деген.
Оққағары Қанағаң болған қартты.
Жырға қосып отырмын бұл күнде мен.
   
         Мағзұм Ахметов. Баянауылдық шежіреші, жырау. Қаныш Имантайұлының көп сүйемелдеп, көмек берген жандарының бірі. Ел аузынан жинаған аңыздары, шежірелері, деректері бұл күнде Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының архивінде сақтаулы.
Оның жинаған аңыз - әңгімелері, жырлары «Қарағанды жұмысшылары» атты жинақққа енген.


                Сүлеймен Баязитов