МҰЗ МҮСІН


Сөзін жазған С. Баязитов

1. Мұз қалашық тұрғыны,
Аю, елік бір күні.
Аралады достарын,
Аралады құрбыны.

Қайырмасы:

Аралады, ән салды,
Жаңа жылды қарсы алды.
Аю, елік биіне,
Бала біткен тамсанды.   2 - рет.

2. Ән шырқадық, биледік,
Аюдан би үйреніп.
Аю, елік – мұз мүсін,
Бара алмайды үйге еріп.

Қайырмасы:

Аралады, ән салды,
Жаңа жылды қарсы алды.
Аю, елік биіне,
Бала біткен тамсанды.

3. Қарша қызды ортаға ап,
Қарсы алар ек сый беріп,
Әсем биді алар ек
Алар ек би үйреніп.

Қайырмасы:

Аралады, ән салды,
Жаңа жылды қарсы алды.
Аю, елік биіне,
Бала біткен тамсанды.