Бұқар жырау тақияңа тар емес едi - ау, қарағым. Өз ортаңнан шыққан көмекей әулиен дипломыңа тақырып етiп алмауың өкiнiш.
(Жазушы
опонент Ө. Ахметовтың диплом қорғаушыға жасаған ескертпесiнен).
Мұнар
қаптап жердiң бетiн мұң басқан,
Сыңсыған зар, төгiлген шер тынбастан.
Бiр ғасырдан бiр ғасырға жалғасқан,
Жер тiтiреп
Көзiн сығып тынды аспан.
Қазақ деген
Қаймана елдiң iрге тұсы iрiген,
Төзiм шiркiн тулақтайын шiрiген,
Сол бiр тұста жарылқады бiр Құдай,
Атқа мiнiп, таққа отырды Абылай.
О, Абылай,
Қазағымның қызыры да, пiрi сен,
Кемел ойы, тау тұлғалы ерлерiнiң iрiсi ең.
Кезеңiнен қан түкiрген шұбырыңды ақ табан,
Саған Алла ақылшы ғып Бұқар қартты сақтаған.
Көз алдымнан өтiп жатқан секiлдi,
Айбынды ерлер,
Ақылды ерлер,
Ел бiрлiгiн жақтаған.
Сол ерлердiң арасында
Күмiс сақал кеудесiне төгiлген,
Жерiм десе желпiнiп,
Елiм десе егiлген.
Бұқар баба көмекейi бүлкiлдеп,
Жыр төккенде, а, Құдайлап сенiммен.
Кiм бар едi шалқымаған, шаттанып,
Қазақ түгiл,
Әулиенi сескенетiн жат танып.
Өсиет жыры өзектi, жанды баураған.
Оқыдық бiздер жырыңды, баба, таң қала,
Елiңе жаулық сағынба деген, Абызым,
Данышпан - сымақ бiлеген айға азуын.
Ақылыңды осы алғандай естен шығарып,
Келерiн бiлмей,
Жұртыңның қайдан жазымы.
Бұрқылдап кейде бурадай жынын шашқанда,
Жырыңа сенiң көз салдым,
баба, жасқана.
Әруағың мына халқыңды жебеп,
қой мiнез,
Тосқауыл қойғай сабасынан
тасып, асқанға.
Сүлеймен Баязитов