Құрт пен майдан алам деп...

       

     
  Құрт пен майдан алам деп...
 Жетпіске жетіп жер таянып отырған кейуананың келіні кесірлеу болыпты. Күндердің күнінде тұрмыстағы қыздарыңнан барып құрт пен май алып кел,-деп кейуананы қоярда қоймай атқа мінгізіп қоя береді. Қайтар жолда астындағы атынан айрылып қалады. Жұрт кейуананы іздемек болып атқа қонады, таба алмай, көп сандалады. Содан оны өлдіге жорыған келіні әлдекімге жоқтау жыр үйрет десе керек. Сонда анау енеңді:
Аты келді өзі жоқ,
Бір ауыз айтқан сөзі жоқ.
Екі қызға барам деп,
Құрт пен майдан алам деп,
Айналдырдың-ау дүние боқ,-деп жоқта деп үйретеді.
 Ақыры ауыл адамдары кейуананы тауып, үйіне алып келсе, келіні жоғарыдағы жырды айтып, сыңсып отыр дейді.
                                 

               Сүлеймен Баязитов