Сұр тышқан - жыл басы




   
   Сұр тышқан - жыл басы               

           (Ертегі)

Тырнағында мысықтың,
Соңына ерген күшіктің.
Құр бекерге өлгенше,
Өліп көрге енгенше.

Қайтайын деп ел көріп,
Қайтайын деп жер көріп.
Жолға шықты сұр тышқан
Жолға шықты ерленіп.

Алыс жолдан шалдығып,
Алмақшы боп демалып.
Жатқанда даусы қарлығып,
Жатты біреу жар салып.

Уа, жараңдар, жарандар!
Емес мұның құр ақпар.
Сөзіме менің құлақ  түр,
Сендерді бақыт күтіп тұр.

Сендерді бақыт күтіп тұр,
Суылдап тарих парағы
Есімің елге шашар нұр.
Кәнекей кім барады?

 – Қайда, қайда? – дегендер,
Бірін - бірі кимелеп.
Жалған айтты демеңдер,
Қоршап алды үймелеп.

Жан - жағынан жаршысы,
Қызғаншақ, небір күйгелек.
Бірін - бірі итеріп,
Бірін - бірі сүйрелеп.

Көк желкеден түйген ед,
Төбелесіп, төбесі
Талайлардың ойылған.
Еліріп шығып ел есі,

Жаршының «қой - қойына»,
Түргені құлақ шамалы,
Табанда қалды жаншылып,
Табанда қалды талайы,

Сиреді жаршы маңайы.
Сиреді жаршы маңайы,
Жөніне кетті жалма - жан.
Жылыстады сол тұстан,

«Тәуекел»  деп сол бір сәт,
Жақындады сұр тышқан.
Жақындап келіп деді:
- Дат!

- Құлағым сенде сұр тышқан.
- Бұл жұртта жоқ парасат
Не өнеді жұмыстан,
Не өнеді қырқыстан.

-Жөн айтасың, сұрекем,
Маңдайың сенің жарқырап,
Ашылғалы тұр екен.
Соңыма ерсең дүр етем,

Бар тышқанға пір етем.
Дегеннен соң сұр тышқан
Жаршыға еріп жөнелді.
Талайды көрген бұл мыстан,

Сайран сап әбден кенелді.
Бір күні жаршы жеттік деп,
Тобырды бұған нұсқады,
Жиналдыңдар ма кеттік деп,

Көзіне де ілмей тышқанды.
Жөнелді барыс жол бастап.
Секіріп, ырғып, ойқастап,
Ергендерге ой тастап,

Жортады барыс тынбастан,
Серіктері кім еді?!
Танысайық бір бастан.
Қасқыр да мұнда, қоян да,

Сиыр еті көлмей суырар,
Дәмдірек одан жылқы еті.
Жүрмесе келмей реті,
Бірінің мүйізі найзадай,

Бірінің болат тұяғы
Беріле қоймас жайдан жай.
Беріле қоймас жайдан жай,
Кім жанын текке қияды.

Бәрін қойып, ой, алла - ай,
Қой етіне тойсам ба
Деп ойласа қасекең,
Мына пәле тірі қоя ма,

Көзімді әлде жоя ма,
Деп ойлайды қоян да.
Түлкіні көрген тауықтың,
Айтып болмас қаупін,

Топ ішінде мысекең, 
Сұр тышқанды көргенде,
Жандай бейне көрген-ді
Иіліп сәлем берген-ді.

- Жол болсын , – деді сұреке,
Жортатын болдық бірге енді.
Деп қылымсып, түрленді.
Сол сәтте түйе жақын кеп,

Тышқанмен саулық сұрасқан.
- Мәз емес халым ,-деген ол,
Бұзылып өңі, кемсеңдеп.
Өтініш айтқан және де

– Не көрсем сізбен көрсем, - деп,
Қиындықты бірге жеңсем деп.
Ажалың жетсе бұл жолда,
Қолыңызда өлсем деп...

Түйе тыңдап зар- мұңын,
-Кел,- деп,- бермен, жарқыным.
Шөге кетіп тышқанды,
Жексұрын жұртқа мыстанды.

Өркешіне мінгізді.
Алшаңдатып жүргізді.
Өте шықты алты күн.
(Жоғалтқандай мысық алтынын.

Не боларын кім білсін,
Не боларын артының)
Артта қап қиын сан тарап
Қожасы алдыннан қарсы алады .

Оны, сірә ,кім білген.
Келед бұлар анталап,
Келед бұлар асығып.
Іштері бұрап, ашығып.

Әлсіреп мысы басылып.
Тарыдай бейне шашылып.
Қалды жолда талайы.
Қарсы алған таңды арайлы.

Түйе мен тышқан тың еді.
Жолда талай түнеді.
- Құлағыма кір шықпағын,
Дегенін тышқан ұққанды,

Тауып жайлы пананы.
Көңіліне медет санады.
Айнадай бейне жарқырап,
Толқыны ұрған жағаны.

Арыстандай жаралы,
Алдан теңіз кезікті.
Мән - жайды түйе тез ұқты.
Толқыннан қорқып тулаған.

Жүрегі ұшып зулаған.
Жөнелді теңіз жағалап,
Жүріп кетті құм кешіп.
Жағаны толқын сабалап,

Суық жел тынбай тұрды десіп,
Қоян да бұған ерген-ді.
Қасқыр мен түлкі соңынан
Желіміз туды оңынан

Деуменен қуып берген - ді.
Жаймақшы болып көздерін,
Тым еркін ұстап өздерін,
- Тоқтаңдар, - деп ақырды.

Әу бастан келте ақылы.
Ақырам деп қасекең
Өздеріне пәле шақырды.
Қансыз сапар, бұл сапар,

Қанқұмарға бар қаһар
Екендігін ескерткен.
Жаршының сөзі еленбей,
Қалғаны ғой 

Бергендері сол еді
Күн күркірей жөнелді
Жыл құдайы құйынға
Тіл қатқан ед бұйыра

 – Қасқыр менен түлкінің
Шығар дереу күл - күлін.
Қан аңсаған қанға тұншықсын.
Сол сәтте құйын үйіріліп,

Жауатын күндей түйіліп.
Қасқыр менен түлкіні
Атты бір көкке шиырып.
Қаңбақтайын көрмеді.

Сәт санап құйын өрледі.
Анық еді тұншығып.
Қос жауыздың өлгені...
Жаршы сол сәт қарсы алып,

Қалың топқа жар салып.
 – Қош келдіңдер қосынға
Бүгін түнеп осында
Тынығыңдар, аунаңдар.

Ескертем қапы қалмаңдар.
Таң шапағы қылаң бергенде.
Соны бұрын көргенге
Жыл атауы беріледі.

Ұқтыңдар ма мені деп,
Кісімсіп керіледі.
 – Дұрыс емес мұның, - деп
- Келтірме жұрттың жынын деп.

Айбат шексе арыстан
Айдаһар шықты дүрілдеп.
Оқы кәне қайта деп.
Тани алмай жаршы жазбаны,

Жанжал шыға жаздады.
Жылнамашы солай жазыпты.
Рас та болар жазғаны.
Өйткені құдай сырын біз

Білмейміз ғой біріміз.
Сондықтан да енді, сіз
Маған құлақ түріңіз.
Жауларынан құтылған.

Сұр тышқан әбден құтырған.
Төбесіне түйенің.
Жантая кетті сеніңіз
(Кешір бізді, киелім,

Ардақтаймыз сені біз)
Аңқаусың - ау әйтсе - де,
Тышқанға есе бергенің.
Сәл сергектеу болғанда,

Шығар еді төрге кім?!
Деп дауласып келеді
Сан жылдар қазақ елі енді
Дегенмен жұрттың дауы емес,

Керегі тарих дерегі,
Жылнамада сұр тышқан,
Жұрт білетін зымыстан.
Ұйықтамай таңын атырып,

Түйені және басқасын.
Кетіпті әбден қатырып.
Жылдың нұры жылт еткен.
Сәтте тышқан күңіреткен.

Көрінед байтақ алапты.
 – Көрдім, көрдім, көрдім, - деп,
-Бірінші көрген менмін, - деп.
Қылғынып, айғай салады.

– Жап аузыңды, өлтірем,
Десе керек жолбарыс.
Жыл құдайы кемпірден,
Көктен сонау жерге алыс.

– Жылдың басы - тышқан, - деп.
Жетті пәрмен мөр басқан.
Кім қарсы маған сол дұшпан
Құдайдың жұрттан мысы асқан.

Содан бері тышқанның,
Жүріп тұр жерде дәуірі.
Әйтсе де мысық дұшпанның
Тырнағынан жара сауыры...

Ал түйе ме, түйе ме
 – Мың алғыс тәңір иеме,
Жантағым бітік өсіпті.
Деп қойып жүріп жатады.

Алаулап қырда таң атып.
Қызарып күні батады.
Тыныштықпен күн кешіп,
Жатыр түкең отаны.

Ал жыл басы жайлы айтары
 – Бұйырмаған бір нәсіп,
- Дейді келте қайырып.
Тентек желмен егесіп,
Кетеді сон соң жайылып.        


                  Сүлеймен Баязитов