Естен
шығармасақ.
Біз ердің құнын бір ауыз сөзбен шешіп,
артына «Аталы сөзге арсыз таласады», -деген қанатты қағида қалдырған
бабаларымыздың өр мінезі, өршіл рухының ауыздарынан ақ маржан төгілген Жамбыл
мен Айкүмістің айтысында қалай көрініс тапқандығына қысқаша тоқталып, қазіргі
ақындар айтысында атадан балаға мирас болуға тиісті осы дәстүрдің сақталуы
туралы ойымызды ортаға салмақпыз.
Жамбыл
мен Айкүміс айтысында Жамбыл:
Ауылым жайлап отыр Ақсеңгерді,
Көз сүзіп
сіздің жаққа еңсем құрды.
Қолыма бір
ұстатсаң түсінерсің .
Томпиған төсіңдегі
өртенгірді.
Айкүміс :
Жамбыл-ау
ұстатпаймын, кінә қойма,
Кетейін
қайтып ардан мына тойда.
Жақсы
сөз-жан семіртер деген бар ғой,
Әдепті
мінездерің жүрсін ойда.
Жамбыл:
Айкүміс,
амалым жоқ ендеше,
Кетейік сыр
білдірмей жат пендеше.
Атыңды, ақ
жүзіңді ұмытпаспын,
Кеудемнен
қашан менің от сөнгенше,
- Деп
өзімен айтысқан Айкүміспен қимай қоштасады. Айтысушы екі ақынның да әзілдері
әсем, уәждері жарасымды. Әр сөздерінен қазақы сынық мінез мен мұндалап тұр.
Қазіргі
айтыс ақындарының көбі әзіл айтамын деп әбестікке, тіпті ара –кідік анайылыққа
жол беріп алады. Бірінің сөзіне і тоқтамай, әділ қазылардың ескертпелерін елең
қылмай домбыраларын сабалап, әлденелерді айтумен болады. Сөйтіп, өзінің де,
сөзінің де берекесін алады.
Бір
сөзбен айтыс ақындарының ердің құнын бір ауыз сөзбен шешкен, бір ауыз сөзге
тоқтаған ұлы халықтың ұландары екенін естерінен шығармағаны жөн дегіміз келеді.
Сүлеймен баязитов