Бейнет кешіп жүрсек те қанша кейіп,
Тәуба дейік,
ағайын, тәуба дейік.
Тәй, тәй басқан
тәуелсіз елің мына,
Бүгін отыр жігіттік
жасқа келіп.
Әлжуаздау кезінде
қадам басқан,
Саясаткер сандалып
бал да ашқан,
Қазақ жұрты деген
ед қалады аштан.
Тәуелсіздік керек
пе аш адамға,
Аш адамдар ашуын
баса ала ма.
Тас- талқаны шығады
бұл тірліктің,
Деп күңкілдеп
күпінген тасалана .
Көп өтпеді үн-
түнсіз қалды бұғып,
Ал жұрт болса
тәуелсіздік мәнін ұғып,
Президентпен
басқанда алға қадам,
Қиындықтан кеткен
ед елім шығып.
Көп кешікпей
халықтың сенімі артып,
Өмір көші жүйткіген
алға тартып.
Қиын- қыстау
күндерді артқа тастап,
Еселенді дәулеті
күн- күн шалқып.
Зауыттардың түтіні
көкке өрлеп,
Жоқшылықты,
тапшылықты жатты жерлеп.
Станоктың қасында
ондаған жас,
Еңбек етіп, маңдайы
тұрды терлеп.
Ісі өніп кәсіпкер
ағайынның,
Дәулеті артты күн
санап талайының.
Еңбек күйі тұрғанда
жанды тербеп,
Еңбекші жан қалайша
алар тыным
Ел дәулетін
арттырды бәрі мұның.
Тәуба дейік,
ағайын, тәуба дейік!