Аңыздар мен ертегілер
Өсек туралы аңыз.
Өсек, шіркін, құс
қанаты талмастан,
Ғасырлардан ғасырларға
жалғасқан.
Айтады оны төре -
дағы, қара да,
Ең ақыры, бала да.
Ал молдалар шариғатын
сыра сап,
Өсек теріп, сандалады тұра сап.
Ендіктер мен
бойлықтағы елдерде
Айтады оны сақаулар
да, керең де.
Сол өсектің тамырын
мәңгі жұлмаққа,
Көп әрекет болған екен
ел - елде.
Соның бірін мысал үшін
айталық.
Сол өсектен ақ ордасы
шайқалып,
Кете жаздап, тәңір
сақтап қалған хан,
«Өсекшілерді жиып ап
бір байқалық»
Деген жарлық қылыпты,
Жиып алып салдырыпты
құлыпты.
Өсекшілер алаулаған
ыстық күнде пысынап,
Киіз үйде күйіп -
жанып булықты.
Сонда бірі шыдай
алмай, сыр шашып
(Сөйлесуге жарлықпен
тиым салынған)
Дегенменен бір бәйбіше
Алтын алқа тағынған
«Сарыарқаның
самалы-ай»,- деп
Аузынан қағынған.
Сол-ақ екен сыпсың - сыпсың
сөз кеткен,
Мағынасын сан алуан
өзгерткен.
Есіктегі қара күңге аз
- кемсіз
«Самарқанды жау
алыпты» боп жеткен.
Жасауыл басы ханға
мұны жеткізген,
Ал хан болса, шұғыл
жиын өткізген.
Қалың қолмен
Самарқандты бетке алып,
Талай күнді, талай
түнді кірпік ілмей өткізген.
Самарқандтың кемімеген
ажарын,
Қайнап жатқан қара
құрттай базарын
Көргенде хан ақырды.
- Өсек айтып мені
алдаған қай залым?
- Білмейміз, - деп
уәзірлер аңырған.
Ал хан болса ұшып
тұрып тағынан:
-
Өсекшінің
бірін қоймай қырыңдар!
Ханның сұрын қошқыл
қанды сағынған
Бас уәзір сезген - ді,
Араласар бұл іске енді
кез келді,
Деген оймен бас уәзір:
« Дат!»- деген.
Хан сұстанып: «Датың
болса, айт!» - деген.
-
Айтар
болсам, мәртебелі ханымыз,
Бұл сөзіме наныңыз.
Кетер анық сол
тобырдың ішінде,
Біріміздің қызымыз,
Біріміздің жарымыз.
Бір сөзбенен, сау қалмаймыз бәріміз.
Ой салды ма осы сөз,
Хан шешімге келді тез:
-
Қатын
өсек айтпайды,
Қатын қағыс естиді.
Мұны ұғатын келді кез,
Өсекшілер босатылсын
қамақтан.
Кім оларды қаматқан?
«Жарлық берген өзің»
деп
Шығар кім бар
санаттан?
Содан бері.
Өсектің алдына жан
шықпапты.
Іліккендер өсекке
Кәрі қойдай ықтапты.
Талайдың отын өшіріп,
Талайларды мықтапты.
Содан бері өсектің
Айы туып оңынан,
Қандес иттей абалап,
Дүйім жұртың соңынан.
-
Кіжінгенмен
не пайда?!
Тия алмаған ханның өзі
өсекті.
Не келеді айтшы сенің
қолыңнан?-
Деп бәріміз қолымызды
сілтесек,
Тоқтамайды өз - өзінен
кілт өсек.
Өшіруге сол өсектің білтесін,
Естігенін сол арада
ұмытса,
Көргеніңді естен
бірден шығарғын.
Өзгелер де атсалысса ұлыста,
Өсектен де құтылатын
туар күн.