Тілашар






Тілашар

       А
Ақбет тауда қар жатыр,
Ақшұнақ қыс келді ақыр.

       Ә
Қызылтауды әулиелер түнеген,
Махрұм деп кім айтады киеден.

       Б
Бала жастан Бердібектің Қожасын
Оқып өстім, сүйіп өстім өз басым.

       Г
Гүл көмкерген дала мына
Іліксе ғой суретші қаламына.

      Ғ
Ғалам байтақ Азиадаға тамсанып,
Он сан тілде жатты әлемге жар салып.

      Д
Дала бізге атамекен ежелгі
Бізге қымбат асқар шыңы, өзені.

      Е
Екібастұз кеншілердің қаласы
Қара алтынға бай ғой қазақ баласы.

      Ж
Жезқазғанды Қаныш ашқан
Таусылмайтын бұл бір дастан.

         З
Зымыранды ұшқан көкке
Күтемін  мен жер жергөкте.

          И
Итмұрынға шөгірі бар
Дәрумен деп әжем құмар.
         
          К
Көлге қыста өрнек төккен
Көктем келіп мұзды сөккен.

      Қ
Қарағанды
Көмірімен бұл қала дараланды.

       М
Мұзайдында  балалар жүр,
Коньки теуіп, жүгіріп зыр.

     Л
Лай суға түсуге де, ішуге де болмайды,
Ондай сумен тентек бала ойнайды.

      Н
Нағыз батыр Бауыржанды
Бауыржан деп айта алам.
Отан  үшін отқа түсіп,
Қалың жауды жайпаған.

      О
Отырарда көне тарих сілемі
Байтақ әлем бұл тарихты біледі.

      Ө
Өтемістің Махамбеті ер еді,
Ер болмаса соңынан кім ереді.

     Р
Рақымы күшті Алланың
Ақ жолында болу дәйім арманым.

     С
Сәукеленің үкісіндей үлбіреп,
Ән салады сахнада бұл Жібек.

    Т
Тауға шықсаң, сен бір табан
Жақындайсың көкке таман.

       Ұ
Ұлыларды ғұмыр кешкен жанында
Танып- білу бақыт дер ем барында.

      Х
Халық деген сенімен мен өзгелер
Бұл ұғымды дей алмаймын өзгелер.


      Ш
Шара апайдың билері мен
Уақыт тапсам үйренер ем.

...
Әріп толы әліппені
Ақтардым да әріптердің
Біразына жыр арнадым,
Саған соны алып келдім.
Әр әріптің, әрбір сөздің
Орны бар  біл, ардағым.


                                Сүлеймен Баязитов