Ақбалық (Әбділдә) хазірет





Бабамыз Ақбалық хазірет,
Ерекше жаратқан құдірет.
Жиырма жасында жалданып,
Бір сартқа етіпті  қызмет.
Ташкентке мал  айдап барғанда,
Жол салып арналы орманға,
Медресеге оқуға түсіпті.
Аллаға
Сыйынған тектен тек қалған ба?!
Бұхарда
Сонан соң оқуын жалғаған,
Ізетпен талпынған, талмаған.
Қырық төрт жасында «Хазірет» атанған,
Өмірін еліне арнаған.
Ақылын, білімін, білігін,
Мойындап ұлысы ұлының.
Мұса мырза
Қарындасын қалыңсыз беріпті,
Ұлына Сырымның.
Сартауда мешіт, медресе салдырған,
Білімге сусаған,
Жұртының сусынын қандырған.
Сол жерде мәңгілік мекені,

Бір Алла жарылғар алдынан.

   Сүлеймен Баязитов