-
Мағаз сенiң сыймайды - ау бойың елге,
Дедi Қаныш Мағзұм ойын бөле.
-
Неге деп те ол онан
сұрамаған,
Сойыл тиiп ел анау тұралаған.
Сенделген шақ қан жұтып қасiреттен,
Талайлардың жазықсыз басы кеткен.
Отыз жетi ылаңы қара тасқын,
Қаһардайын қақырап түскен көктен.
Жайсаңдарды шағы едi жайпап өткен,
Мақаңа да оқты көз қадалғанын,
Арашалай алмасын адал жанын.
Сезген ғалым Мақаңа сездiрген де,
Тұрғанында тұтанбай алау жалын...
Iштей ұғып түсiндi Мақаң мұны,
Кешiгудiң боларын қымбат құны.
Бұлт бүркеген Қызылтау ата қоныс,
Мақаң қимай қоштасты тап сол түнi.
Ата - баба мұрасын жинаған жан,
Ой маржанын халқына силаған сан.
Шежiрешi шерлiнi Ресейде,
Төрге отыр деп қазақтар қинаған сан.
Шыға алмастан қос үрей құрсауынан,
Сәттерi көп қиялмен құр сабылған.
Ата - жұртқа отбасын бұрды Мақаң,
Құшақ жая қарсы алды қыр сағынған.
Көмекейi шешеннiң бүлкiлдеген,
Жан болмады танымай бұл кiм деген?
Оққағары Қағанақ болған қартты,
Жырға қосып отырмын бұл күнде мен.
Мағаз - Мағзұм Ахметов. Баянауылдық
шежiрешi, жырау.
Қаныш Имантайұлының көп сүйемелдеп, көмек берген
жандарының бiрi.
Ел аузынан жинаған аңыздары, шежiре-
лерi, деректерi бұл күнде Қазақстан Республикасы Ғылым
академиясының архивiнде сақтаулы.
Оның жинаған аңыз әңгiмелерi, жырлары
«Қарағанды жұ-
мысшылары» атты жинаққа енген.
Сүлеймен Баязитов