Жынның басы Жартыбай...

      



           


           Жынның басы Жартыбай...
 Ертеректе Баянауыл өңірінде Жартыбай атты адам өтіпті. Ол аласа бойлы, әлжуаз болса керек, сонысына қарамай тамақсау болған деседі. Оның үстіне шыдамсыз да екен. Бірде қарны ашып, шөлдеп келсе іркіт құйған күбінің қасында ожау жоқ болып шығады. Содан Жартекең күбінің ернеуінен асылып іркіт ішемін дегенде қолы тайып кетіп, күбінің ішіне күмп ете түсіп, жазым болыпты. Замандастарының бірі:
Жынның басы Жартыбай,
Күнде үдеген қарқыны-ай.
Күбіге түсіп өліпті,
Айраннан басы артылмай,-деп Жартекеңнің жайын жырға қосқан екен.
                              
                                    Сүлеймен Баязитов