АЙДЫНДАҒЫ АҚҚУ


Сөзін жазған С. Баязитов

1. Ақ қанатты аққулар,
Аспан сәні секілді.
Әсемдіктің айдынға,
Қонақтаған өкілі.

      Қайырмасы:

Ақ айдынның төсінде,
Ерке жүзген ертемен.
Қанатыңды жайғанда,
Неткен әсем, көркем ең.

2. Балапандар қасында,
Жырақ кетпей жүр жүзіп.
Су сабалап сәт сайын,
Солар асыр бір қызық.

       Қайырмасы:

Ақ айдынның төсінде,
Ерке жүзген ертемен.
Қанатыңды жайғанда,
Неткен әсем, көркем ең.