Аз емес - ау

          

     Аз емес – ау

Елпектеген күні үшін Кемелбек   
Кеңінен алып тынысын,
Үнінен алып тынышын.
Кеше жарты нанды бөліп

Жеген бастығын
Деп қарғайды құрысын.
 «Жемқор неме, нағыз иттің өзі еді,
Мәңгілікке жоғалады көзі енді», 

 - Дей бергенде келді кіріп бастығы.
Кемелбектің атыздай боп көзі енді.
- Бәсе, бәсе сіз адалсыз білгенмін,
Үміт артып ақталар деп жүргенмін.

Ал бастығы қол берместен өте шықты қасынан,
Елеместен өсекші иттің үргенін,
Екіжүзді аз емес - ау, найсаптар,
Күтіп жүрер шайқалғанын іргеңнің.


                               Сүлеймен Баязитов