Ұрпағы едiк көк бөрi


                  
                                       МОЛДА

          
   /Марқұм Қабиден Әлменбайұлына/

Тырс - тырс еткен ташбығыңның тастары,
Менi өткен ғасырларға бастады.
Биiк болған сол кезде де қазекеңнiң аспаны.
Әулие абыз,

Қарттарыңның жас жаны.
Той өтетiн,
Берiлетiн ас тағы,
Шежiрелi  шертiлетiн дастаны.

Ораза ұстап,
Намаз оқып жастары,
Көрiнбейтiн әйелдердiң шаштары.
Соның бәрi мирас болып балаға,

Қалмап па едi бабалардан жан аға.
...Дiн апиын, сiңiрмейiк санаға,
Жол берiңдер деп дүрлiккен жаңаға.
Жандарды,

Мен отырғам жоқ сөккелi,
Бәрiне де Құдай төре көктегi.
Осы күнге көп дiндарлар жетпедi,
Қуғын көрiп қаншамасы шеттедi.

Заман сырын,
Адам құлқын ұғалық,
Салынбасын деп тiлейiк,
Ендi дiнге бұғалық.

Табысқанда өткенiмен бұ халық,
Рухына бабалардың,

Бiз де дұға қылалық.
  
         Suleymen Bayazitov