-
Айтатын ед бұл әндi ғалым сүйiп,
Осылай деп ортаға шыққан киiп.
Жiгiт баяу баптады домбырасын,
Жүре бердi асқақ ән залды кернеп.
Бұлаң қаққан арудай менi көр деп,
- Дауысыңнан уа, пәлi айналайын.
- Ғалым ашқан көп әннiң бақ талайын.
Соның бiрi «Бүркiтбай» осы ән едi.
Жеткiншектер үйренсiн болса өнерi...
Әншi жiгiт баяулап тына қалды,
Құлақ түрген тарқамай құмары әлi.
Талайлардың жүзiнен шаттық есiп,
Шарқ ұрғандай әлемдi әнге iлесiп.
Дүркiрете қол соқты жайнап елi,
Осы бiр ән қаншаға қайрат бердi.
Қанышты еске ап осылай бiр кеште,
Ғалым сүйген әндi де сайратты елi.
Сүлеймен Баязитов