ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ



Сөзін жазған С. Баязитов

1. Біз қазақтың ұланы,
Жас қырандай қырағы.
Отан деп соққан жүрегі,
Бізден ел үміт қылады.

Қайырмасы:

Бейбітшілік ұраны,
Елімнің жас ұланы.
Тәуелсіз елдің ертеңі,
Мақтанышы, жыр әні.

2. Көкшіл туы желбіреп,
Отан - анам ел жүрек.
Алаңсыз білім алсын деп,
Тұрасың аман елжіреп.

Қайырмасы:

Бейбітшілік ұраны,
Елімнің жас ұланы.
Тәуелсіз елдің ертеңі,
Мақтанышы, жыр әні.

3. Аялаумен өсірген,
Есіңде ғой туған ел.
Есейіп алға басамыз,
Адамзат бірге көшімен.

Қайырмасы:

Бейбітшілік ұраны,
Елімнің жас ұланы.
Тәуелсіз елдің ертеңі,
Мақтанышы, жыр әні.