Күйінбесем,күймесем


                                      
               (Сықақ)
Ел тарихы жер тарихы жаңаша,
Жазылат деп қуанған ек балаша.
Тарихтың исі мұрнына да бармайтын
«Менің бабам ата қонысым,
Деп зарлаудан танбайтын.
Өзге елді есепке де алмайтын
Өтірікті өсекпенен жалғайтын.
Шықты тарих ел көңілі толмайтын.
Бір көк езу сол кітапты талдады.
Сол бейшара бей берекет талғамы
-Қазақ-дейді ол біздің рудан тараған.
Ал өзгелер ер қараға
Әрең-әрең жараған.
Өліп талып
Соның бәрін
Бұлтартпайтын айғақпен.
Міне солай ел іргесін қалаған.
Бұл Туекең.
Хан -тарихшы шыққан біздің арадан.
Дәлелдеуге жараған...
Ел тарихын азды-көпті білмесем
Дәл осылай күйінбес ем.
Күймесем.


                       Сүлеймен Баязитов