Балаларға Базарлық.




Айналды шын досыма

Әңгіме  де осында,
Ертегі де осында.
Аз уақытта Әліппе,
Айналды шын досыма.
Өлеңдерін жаттадым,
Жұмбағын есте сақтадым.
Ашты сөйтіп Әліппе,
Маған білім қақпағын.
                 
               Септеу
                 
           Атау
Қол добынан жүлде үшін таласар,
Үміткерлер арасында
Жарас бар.
                             
           Ілік,
Шаршы алаңға
шыққанында Жарастың,
Шеберлігін батылдығын жараттым.

         Барыс
Соққан добы алдырмастан әрі асса,
Жанкүйерлер дән риза Жарасқа.
         
           Табыс
Ойыныменен көзге түскен Жарасты,
Құрамалар шақырысып таласты.


             Жатыс
Шеберліктің барлық сыры Жараста,
Танып оны ардақтады Алаш та.

            Шығыс
Бапкерлері үміт күтіп Жарастан,
Жай-күйіне, жағдайына қарасқан.

       Көмектес
Бірге оқып, бірге
ойнайтын Жараспен,
Жаттығуға ерінетін
балалар да бар, әттең! 

 
    Арктикаға саяхат

Мұз дала
Мұндағы
Мұз қала
Тұтасқан кеңістік.
Ерімейді.
Әйтсе де эскимостар
Суық, деп жерімейді.
-Арктика атамекен
Ту тіккен жері,-дейді.
-Отаным менің,-дейді.
     
      
   Мұз мұражай

Көне мұздар шежіре,
Куәсі талай ғасырдың.
Сынығындай асылдың.
Мамонттардың денесі.
Мұзға қатып сақталған.
Мұражай бейне жер осы.
Ғасырлардан сыр ақтарған.
Көне мұздар көп тегі,
Жасырған бізден сырларын.
Мұражай сендей жоқ тегі,
Таңырқап содан тұрғаным.

    
 Эскимостар көшпелі

Эскимостар көшпелі,
Эскимостар ит жеккен,
Тірлік кешіп көшпелі...
Ғасырларда біз де өткен
Халық едік көшпенді.
Сарыарқада мал баққан,
Кешкен бабам мал үшін.
Эскимостар аң қаққан,
Күн көрістің қамы үшін.
Бірі-қырды шиырлап,
Бірі-жайлап мұз төсін.
Ырзығын тауып бұйырған,
Еңбекпен жиған жұрт есін.
Шындық шіркін «айт, айт»-деп
Бүйірімнен түртесің.
Келген ойды басыңа.
Қалай айтпай іркесің.
Өміршеңдік, өршілдік,
Сан апаттан сақтаған,
Эскимостар көшпенді
-Бауырым,-деп мақтанам.

     
    Қошқар өгіз

Қошқар өгіз осында,
Тундраны жайлаған.
Мүйізінен шошынба,
Жеп кетуді ойлаған,
Аш қасқырға тап берген.
Найзағадай ойнаған,
Мүйізінен қорқып,
Жалт берген.
Жыртқыш қанға тоймаған.
Кетті жырақ безініп.
Қошқар өгіз топтасқан.
Алдырмасын сезініп.

    
 Арктикада жаз шықса.

...Бұл масаны қойсаңшы,
Дейсің олар қайда жоқ.
Арктикада жаз шықса,
Ыз-ыз етіп, пайда боп.
Ұшады екен шарқ ұрып.
 Көң-қоқыс іздеп,
Қайда деп,
Салады екен ойранды,
Жұрт жиналған жайға кеп.

      
                           Сүлеймен Баязитов