Айналайын, күн дидарлы Отаным!






Айналайын, күн дидарлы Отаным!

Қазақ деген халықтың,
Ұланымыз біз деген.
Ұрпағымыз алыптың,
Жат жерге көзін сүзбеген.
Бейбіт өмір кешудің,
Жолын талмай іздеген.
Сан түйіннің шешуін,
Жылдар да өткен жүздеген.
Тапқан талмай жолын сан,
Жауды аямай жапырған,
Арыстандай ақырған.
Ер халықтың,
Өр халықтың
Тәуелсіз ел атанған,
Ұланымыз мақтанам,
Айналайын, күн дидарлы Отаннан
Табысына шаттанам.


                  Сүлеймен Баязитов