Шоқ басты.
Ана іске де
куә боп,
Мына іске
де куә боп.
Ақша тапқыш
немеңіз
Ақырында
басты шоқ.
Олжа көр
Жауапкерге
жала жапқанын,
Сөйтіп ақша
тапқанын.
Олжа көріп
жүргендер
Өздерің
құрған қақпанға
Өздерің
түсіп жүрмеңдер.
Ай өтпеді
Ол үшін деп
тамағыңды кенедің
Сипақтадың
сыздадың.
Айта алмай
ненің керегін,
-Пара...дедің
ақыры
Бізде бәрі
ақылы.
-Сізді
әкемдей көремін.
Дейтін
едің...
Ұлым саған
Қалай пара
беремін.
Ай өтпеді
арада
Түрмеде
деп-жетті бір күн дерегің.
Әп сәтте
Сілекейі
шұбырып сусап ішті,
Ішкен сайын
бір дүлей сезді күшті.
Қатындар
мен қырқысып ақырында
Шыға келді
әпсәтте болып істі.
Күл қылыпты
Есер соқтың
дейсің бе бәрі мықты
Бір әйелге
ішіп алып килігіпті.
Шашын жұлам
дегенде әлгі әйел
Жалғыз ұрып
шықшытын күл қылыпты.
Тым құрыса
Ақындардың
ішінде мен мені көп
Отыратын
сен ғана әмән жүдеп,
Тым құрыса
кеудеңді бір ұрсаңшы.
Жын
шақырған бақсыдай жұлқынсаңшы.
Ақылшыма
пысығым былай деген.
Одан мұны
сақтасын Құдай деген
Кеуде ұрып
Остехондрозы қозғап алса
Емделу мен күні өтер бір ай деген.
Таяқ жеді
Қара мына
күміс сақал немені
Сақалының
әр бір талы қыл десеңде келеді.
Қойшы әрі
күрек сақал төбетті
Деген сәтте
елең етті ел енді.
Ата тұрып
–алғашқысы сақалына жармасты
Дейсіңдер
ме шал састы.
-Сақал
жұлған олай емес, былай деп
Әлгілерді
ұрды-ай кеп, ұрдай кеп.
Ал екеуі
ішпей-жемей бір сәтте
Таяқ жеді
абыройдан жұрдай боп.
Кір ағып
Дәрігер
маған назар салып бір ауық,
Тазалық жоқ
дегенді айтты кінәғып.
Тіл
тістедім айта алмадым әттеген,
Тұрғандығын
жағасының кір ағып.
Сыншы шықты
Кітапханаға
айлап жылдап кірмейтін
Ақындардан
бейхабар не жазғанын білмейтін.
Ақындарды
жазғыштар деп тілдейтін.
Сыншы шықты
сынның исі мұрнына да кірмейтін.
Жеңілтек
Жеңілтек
әйел жеңсігім деп жүретін,
Ебін тауып
бүрге дейін бүретін.
Сол сал
жігіт
Қалтасы
қалың бар жігіт.
Дауасыз
дертке ұшырап
Әйелдерді
қарғады
Еркекке
етек түретін.
Өзінше
айтсақ махаббаттан сүрінді.
Нәпсі құмар
екендігі білінді.
Қолыңнан іс...
Біреулердің
айы туса оңынан
Менің
қырсық қалар емес соңымнан.
Дегенде ол
былай деді пысығым:
Іс келмесе
кім кінәлі қолыңнан .
Көк шыбын
Кәрі қыздар,
Жесір әйел
көп тегі.
Жұлдыздардай
көктегі,
Олар барда
бұл ағаңның
Таусылмайды
көктемі.
Аласармайт
шоқтығы...
Өмір шіркін
әйтседағы өтпелі
Оған тыным
жоқ тегі.
Бірін алып,
бірін тастап жүргенде
Қартайғанда,
Көзіне
үймеледі көк шыбын.
Дауасыз дерт
Байып болды
деп ағайын күрсінген
Шүйіркелестім
Гүлсім мен.
Былай деді
пысығым.
Күншілдіктен
қалған екен құр сүлдең
Ал
күншілдік дауасыз дерт
Өмір-өлім
шекарасында тұрсың сен.
Нашақор
Сау сиырдың
сарқындысы еместін,
Дегендерге
Нашақорды
сенесің.
Атасының
алтын тісін қағып ап
Тұттай
қылып тонап тынған енесін.
Апиынды
анасындай аймалап
Гераинды
аруым деп ай қабақ,
Қалталының
қақпақ еді қалтасын.
Ағзасы
апиыннан уланып,
Шыбын жаны
Ұясынан
кетті шығып буланып.
Көке мылжың
Кішіге де,
үлкенге де сен дейтін
Бір сөйлесе,
Жағы тіптен
сенбейтін.
Сол
білгіштен аулақ салды ел іргесін,
Көке мылжың
екендігін білгесін.
Тарихшы
Туғанбай туысшыл
Өңір
тарихын жазуды қолға алды.
(Газеттен)