Немере

          




             НЕМЕРЕ

Сөзін жазған С. Баязитов
 Музыкасын жазған Н. Дүкенбай

1. Жігіт боп өсіп тұлғалы,
Ойларсың елдің ертеңін.
Атаң өзің туғалы
Өсіп - өнер өркені.

          Қайырмасы:

Құлыным, жарқын маңдайлы,
Сенімімді ақтайтын.
Деуден әсте таңбайды,
Әулетін жалғап сақтайтын.

2. Шаттықпенен күн кешіп,
Тәтті арманға берілген.
Кең дүниенің төрінен
Саған орын таңдаған.

         Қайырмасы:

Құлыным, жарқын маңдайлы,
Сенімімді ақтайтын.
Деуден әсте таңбайды,
Әулетін жалғап сақтайтын.

3. Асырып елдің дәулетін
Өркендеткен әулетін.
Болашақпен тілдесіп,
Бірге гүлде еліңмен.

          Қайырмасы:

Құлыным, жарқын маңдайлы,
Сенімімді ақтайтын.
Деуден әсте таңбайды,
Әулетін жалғап сақтайтын.