ЖАЙЛАУДА


Сөзін жазған С. Баязитов

1. Жорға мініп, тайпалып,
Жайлауға барып қайталық.
Келед әне өрістен,
Атам қойын қайтарып.

    Қайырмасы:

Қозы бағам күнімен,
Қой күзетем түнімен.
Ұнатамын мұны мен,
Ұнатамын мұны мен.

2. Таза ауамен тыныстап,
Дем аламын дұрыстап.
Әжем бие сауғанда,
Құлынды інім тұр ұстап.

     Қайырмасы:

Қозы бағам күнімен,
Қой күзетем түнімен.
Ұнатамын мұны мен,
Ұнатамын мұны мен.

3. Қайтқан малдың өрістен,
Алды көлге кеп түскен.
Арты шұбап келеді,
Түсіп жаңа еңістен.

    Қайырмасы:

Қозы бағам күнімен,
Қой күзетем түнімен.
Ұнатамын мұны мен,

Ұнатамын мұны мен.