Лағым


       

          ЛАҒЫМ                                                  






Сөзін жазған С. Баязитов
Музыкасын жазған Н. Дүкенбай

1. Өрістен қайтты маңырап,
Шөлдеген-ау, лағым.
Тұнық суға қанып ап,
Демал, демал, шұнағым.

   Қайырмасы:

Лағым,
Шұнағым,
Тентексің-ау, шырағым.
Күшікті сүзіп кеше сен,
Тағы да шу шығардың.
Ай, ай,
Ай, ай,
Лағым.
Ай, ай, ай, ай,
Қутыңдаған шұнағым.

2. Тастан тасқа секіріп,
Секеңдейсің күн ұзақ.
Қалма, лағым, өкініп,
Кетіп қалма тым ұзап.

   
Қайырмасы:


Лағым,
Шұнағым,
Тентексің-ау, шырағым.
Күшікті сүзіп кеше сен,
Ьағы да шу шығардың.
Ай, ай,
Ай, ай,
Лағым.
Ай, ай, ай, ай,
Қутыңдаған шұнағым.