Жібере көрме


Жібере көрме

Қара нанға қақалып,
Қара шайға шашалып.
Арақтан әрең бас алып,
Жұрынды жүрген кешегі
Көре қалса мына жұрт,
«ЖүкеЖүке» деседі.
СөйтсекЖүкең ықпалды
Бір дөймен бажа болыпты,
Содан ғой жұрттың ыққаны.
Қауесетті таратқан
Аузы-мұрны қисаймай,
Жүкеңнің өзі еді.
Жұрттың құлқын сезеді,
Жетті әбден көзі енді.
Шексіз билігі неменің
Пәтерқызмет оған тіптен сөз емес,
Ұнатат пара жегенді.
Тек иттің алды тар десті,
Үйір қылмас өзгені үркектігі бар десті.
Бажасына ғана сенеді,
Айтқанына көнеді,
Беретіндер парасын сол арқылы береді.
Көп өтпей-ақ талайлар
Жүкеңнің жолын торыпты.
Әдеті еді Жүкеңнің
Көрікті басар қызғанда.
Бажаңа деген званда.
Талайларды Жүкең оп-оңай түсірді торына,
Құлап тынды сол Жүкең өзі қазған орына.
Түрмеде көзі бозарып,
Жан таппай қол созарлық.
Он-он бес жылды арқалап,
Тік басып кіріп түрмеге,
Дерт тауып шықты шалқалап.
Өртенбей нәпсі өртіне,
                        Ем табам десең дертіне,
                      Айуан тектес нәпсіңді
Жібере көрме еркіне.


                                 
                     Сүлеймен Баязитов