Дәру бол өзің жан Алла





Дара деп таныр Алланы,
Жастардың уыз санасын.
Вақабистердің қанды қармағы,
Есебін тауып қармады.

Абжыландай арбады,
Қарсы қойып баланы.
Әке менен анаға,
Қарсы қойып бұзықты,

Ақ жолда жүрген данаға.
Мұхаммедтің хадистерін бұрмалап,
Сына қалқан санама
 - Түрдік деп құлақ жаңаға,

Алданған әке, бала да.
Түнектен шығар жол таппай,
Сандалған даңғыл – дана да.
Өзіңнің зәру панаңа.

Өзіңнің ынтық панаңа,
Мүскініңді,тәңірім,
Қалдыра көрме налаға.
Қалдыра көрме дала да.

Әзәзіл арбап ара да,
Санаға түскен жараға.
Көңілдегі қаяу, қараға,
Дәру бол өзің, жан Алла,
Дәру бол өзің, жан Алла.


          Suleymen Bayazitov