МЕН МЕКТЕПКЕ БАРАМЫН




Сөзін жазған С. Баязитов

1. Ұшталып балғын талабым,
Қолыма қалам аламын.
Маржандай тізіп әріпті,
Суретті де саламын.

Әнге де бар таласым,
Үйреткен биді анашым.
Жақсы әнші-бишілер,
Бақ сынасып қарасын.

Қайырмасы:

Мен мектепке барамын,
Барып білім аламын.
Мұғалімді тыңдаймын,
Ізденемін, тынбаймын.

2. Білім, білім, мол білім,
Ең бастысы, сол, күнім.
Деген сөзін әжемнің,
Көңіліме тоқыдым.

Оқу мен өнер ұштасып,
Құштарлықпен күш тасып.
Шығамын білім шыңына,
Болса да қиын жол қашық.

Қайырмасы:

Мен мектепке барамын,
Барып білім аламын.
Мұғалімді тыңдаймын,
Ізденемін, тынбаймын.