Алда, алда Баянның ғасыры әлі.




 Алда, алда Баянның ғасыры әлі

Баян десем ет жүрек езіледі,
Бабалардан бұл мирас сезім еді,
Мәңгілік ол ұрпағы тірі кезде.
Біз өтерміз,
Ал оның көз ілмегі-
Мүмкін емес ұрпақпен жалғасады,
Ғасыры мен адамзат алға асады.
Баянды мен жырладым білгенімше,
Ал ұрпақтың айтылар алмас әні,
Жер жаһанды жаңғыртып жарқылдайды.
Қаныш десем қазақты атағаным,
Бұхар, Мәшһүр пір тұтар аталарым.
Ел жұртына риза боп берді ме екен,
Өсіп- өніп көркей деп баталарын.
Ал болашақ қиялға жүк дер едім,
Аңсаған ем мен мұны, күткен едім.
Жұмақ орнап жерімде байтақ мына,
Үйірілер  қазаққа құт дегенің.
Жету үшін осыны , көру үшін
Ынтымақ,
Бірлік
Қажеті төзім тегі.
Төзім бізде жыртылып айрылады,
Баянтау да ұқсатар бай мұраны.
Өршіл рух ел барда өшкен жанып,
Айдан анық асары айбыны әрі.
Елдік,
Ерлік әманда басты ұраны,
Алда, алда Баянның ғасыры әлі!



                                     Сүлеймен  Баязитов