Парыз
Мұрат Дүйсенбайұлы
Рахметовке:
Азаматың кім десе,
Ойланбастан сіз
дедім,
Ақсақалың кім десе
Ойланбастан сіз, дедім
Бұлай деуге
бар негіз
Сайрап жатқан
іздерің.
Байырғы Баян
жерінде
Алты алаштың
төрінде
Асыра айтсақ
көгінде.
Күні болған
тегінде
Бабалардан сеніңде
Хабарың аға мол
еді
Данағөй дана
данышпан
Ақылға да кен еді.
Досқа дархан
дұшпанға
Кенезесі кепкен
шөл еді.
Ер туса
туып ел үшін
Ел үшін
деген өледі.
Даналығын ұққан
бабаның
Кем болсын
ба төл енді.
Ырқына көнбей
заманның
Жаламай жаудың табанын.
Айқасып өлген ерлерді
Төрінде ұстап
сананың.
Жеткізген атын ертеңге
Ұрпақтың біздер ұрығы ек
Кеңестік кездің
құлы боп
Кетермек бәлкім
жебеген
Заманда кеткен
ұлы кек
Өксік болып
төгілген
Атаң болып
еңіреп
Анаң болып
егілген
Бірге ер
жетті сені мен.
Бірге ер
жетті мені мен.
Турасы қазақ
елі мен
Ұлы күш
бойда бұғынған
Бұлқынып талқан
еткенше
Межелі сәті
жеткенше
От кешкен
жанның бір едің
Ұйып тыңдап
Нүрйләнің тілегін
Түргіздің жұрттың білегін
Мәшекеңнің талқандалған
Бейтін қайта
салдырту
Тілегі еді
бұл елдің
Арызқойлардың жағы қарысып
Жоғарыға қалам
тартпады
Мәшекем десті
жарысып
Әулйенің даңқы
артқаны.
Талассыз еді
деген мен
Кей бірі
сені даттады
Ерлік деп
бірі мақтады
Күндерден күн
өткенде
Мерзімді сәті
жеткенде
Тәуелсіздік таңы атқаны
Тас тарихы Баянның көшесінде
бедерлі
Десең саған
не берді.
Тарихымды танып
білдім мен енді
Деген жауап
алар ең
Әр мүсіннің тарихы
мен таныссаң
Қйал мен ой бір арнада
табысқан
Бағамдайтын өткеніңді
бүгінгіні алысты
Алты алаштың
Тарихынан сан
мағылұмат алар ең.
Тас тарихха
тасыраймай
Ынта салып
қарар ең...
Өткеніңді білу
парыз бүгінгіңді бағамдап
Парыз ортақ
сағандағы маған да
Бәлкім аға
сіздерді де еске
алар,
Алғыс айтар,
таңдай қағып таң
қалар.
Ұрпақ әлі
келешек бір заманда
Көп болды аға
Алаштан аласыңнан бересің,
Әр таңыңды
ел үшін атырумен
келесің.
Сабындының толқыны
Тербеген тірлік
кемесін
Сен еліңнің
ертеңіне сенесің
Мына бір
соңғы түйінді
Артық айтты демессің
Береріне сенемін
уақыт әділ төресін.
Сүлеймен Баязитов