Әдептен озбайық
Жастар
газеті әдебиетке ежелден – ақ жақсы жанашыр болып келеді. Оған күні кеше ғана
қолына қалам алған әдебиеттің жас өркенінің тарлан жазушыларымызбен қатар
өздерінің жауқазын дүниелерін жарыққа
шығарып жатуы айғақ. Осы үрдіс сәтімен жалғасуда.
Аталған газеттің үстіміздегі жылғы 16 май
күні санында Т. Тоқбергенов пен Қ. Мұқамбетқалиевтің «Егер мен жазушы болсам»,
« Егер
мен сыншы болсам», - деген материалдары жарияланды. Аттарынан көрініп тұрғандай
, бұл мақалаларда өркені өскен әдебиетіміздің кейбір мәселелері жанашырлықпен
сөз болған.
Күткеніміздей – ақ газет бетінде іле оқырмандар пікір білдірді. Мұның өзі бүгінгі оқыған, білікті әдебиет жанашырларының бұл жайға немқұрайлы қарай алмайтындығын көрсетсе керек, олардың туған әдебиетімізді көркейтуге негізделген ойларының көбіне ден қойып, сүйсіндік десек те артық ауыс айтылған пікірлер де жоқ емес екен.

Мәселен газеттің 15 июнь күнгі санында
жарық көрген Нұралы Оспановтың кейбір пікірлерімен келісе алмадық.
«Өз басым ауызға ілігіп жүрген
жазушылардың көбімен бір – екі ауыз болса да тіл қатысып көргенмін. Ә дегеннен
көзге түсетіні, көбінің білімінің тайыздығы. Олармен ұзақ уақыт отырып сөйлесу
адамды жалықтырып жіберетін тәрізді болып тұрады» дейді аталған мақаланың
авторы.
Әрине, Нұралының «ауызға ілініп жүрген » қай жазушымен сұхбаттас болғаны бізге беймәлім. Әйтседе, әдебиет сүйер қауымның кім көрінгенді ауызға алмасы, қадір тұтпасы талассыз.
Ал жазушылардың біліміне күдік келтіріп отырған Нұралы жолдасқа келетін болсақ , жұмсартып айтқанда, оның бұл ұшқары пікірі бізге жылы әсер қалдыра алмады. Есімізге ұлы Мұқаңның «бізде толмай жатқан Толстойлар, болмай жатқан Белинскийлер бар» деген аталы сөзін алдық.

«Жүйрікте де жүйрік бар әліне қарай
жүгірер» демекші, кез – келген жазушыға, не ақынға сен неге классик емессің
деудің өзі әбестік емес пе? Сол сияқты
әдебиеттегі алыптардың есімдерін жөнді – жоқсыз атай отырып, ана жазушы, не
мына ақын осымен неге иықтас емес, қатар қанат қаға алмайтыны бар жазуды қоймай
ма деген сияқты төрелік айту да төбеден ұрғанмен бірдей.
Шолоховтай шоқ жұлдызы бар орыс әдебиеті Быков пен Распутин , Астафьевін, Исаев пен Евтушенкосын және басқаларын сыртқа тепкенің естіген де көрген де емеспіз.
Шолоховтай шоқ жұлдызы бар орыс әдебиеті Быков пен Распутин , Астафьевін, Исаев пен Евтушенкосын және басқаларын сыртқа тепкенің естіген де көрген де емеспіз.
Ал қазақ қаламгерлерінің оқырманның
сұранысына сай шығармалары бар ма,таланттар бар ма дегенге келсек бар дейміз
бар дауыспен. Т. Ахтанов, Ә. Кекілбаев, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Ж.Молдағалиев, З. Қабдолов, Қ. Мырзалиев, Т.
Молдағалиев сынды ақын – жазушылар оқырмандардың көңілінен шыққан қаламгер.
Олардың творчествосы бүгінгі қазақ совет әдебиетінің бет – бағдары деуге тұрарлық. Аталған қаламгерлердің шығармаларымен таныс оқырмандар біздің бұл сөзімізді жоққа шығара қоймас.
Олардың творчествосы бүгінгі қазақ совет әдебиетінің бет – бағдары деуге тұрарлық. Аталған қаламгерлердің шығармаларымен таныс оқырмандар біздің бұл сөзімізді жоққа шығара қоймас.
Ал бұлардың есімін бүкілодақтық не болмаса
әлемдік оқырмандар неге жақсы білмейді дегенге келетін болсақ, оның басты
себебі – бұл аталған жазушылардың өзгелерінің басқа жұртқа таныстырар құнды
дүниелерінің болмауында емес, солардың орыс тіліне дұрыс аударылмауында болып
отыр. Барымызды көрсете алмай келеміз.
Бұл тұрғыда «Простор» журналы біршама
игілікті істерді жүзеге асырды. Белгілі ақын – жазушылардың шығармалары осы
журнал арқылы орыс оқырмандарына қарай жол тартады.
Алайда, көбінің жол болмай – ақ жүр. Олай дейтініміз, аударма сын көтермейді. Бірде осы журналға басылған Қ.Мырзалиевтің, Т. Молдағалиевтің өлеңдерін оқып, түпнұсқамен тіпті төркіндес келмейтініне қатты өкінгеніміз бар.

Ал кітап неге өтпейді дегенге келсек,
біздіңше оның өзіндік себебі бар. Ол мынау: белгілі жазушының роман, повесі ең
бірінші «Жұлдыз» журналына толық басылады. Республикалық газет, журналдарға
үзінділері жарияланады. Араға жыл салып, кітап дүкенінің кітап сөресінен орын
алады.
Оқырмандар сүйікті жазушысының шығармасына таласып – тармасып ие болады. Енді бірер жылдан соң жаңағы жазушының сол романы бірер әңгімесін не повесін ілестіріп, әдемі көркемделіп тағы да шыға келеді. Оқырман оны бұл жолы сатып алмайды, көреді де қояды.
Өйткені, оған басы артық кітаптың қанша қажеті бар. Содан талантсыздар түгіл белгілі жазушыларымыздың берекелі шығармаларының өзі өтпей, шаң басып тұрғаны. Мұны көрген кейбіреулер « Ойбай, жазушының таланты кемшін, шығарманың көркемдігінде кемшілік бар» деп жарық дүниеге жар салып, жерден жеті қоян тапқандай болып екпіндеп шыға келеді.

Осы әңгімеден құтылудың жол бар ма?
Біздіңше бар сияқты. Оқырман жүрегінен жол тапқан озық шығармалардың өзі екінші
рет он – он бес жылдан кейін жарық көрсе, бұған тек қана баспа орны мүдделі
болмай, белгілі жазушыларымыздың өзі де атсалысса нұр үстіне нұр болар еді.
Ал сынға келсек, батыл айтамын деп біреудің
арына тиіп батыра айтуын қаламас едік. Сын сауатты болсын,әдебиеттің қиын қамын
көксесін, жалпы әдептен озбайық дегіміз келеді.