/баллада/
Ызғырық жел тияр емес өксiгiн,
Күн артынан дәл осылай көштi күн.
Ертең бәлкiм ауа райы түзiлер,
Деген үмiт көкiректе өштi мың.
Қашқын жаны күннен - күнге кеште мұң,
Осы шығар көзге үйелер көк шыбын.
Дiрдек қағып қара түнде қаңғыған,
Кiмге керек амандығым, тоқтығым.
Өз ойынан өзi шошып дiр етiп,
Асылыққа жазба, тәңiрiм, шыр етiп,
Күндiк кескен әр пенденiң арманы,
Бұл өмiрде шалқып өтсең жыр етiп.
Кейiнгiлер айтып жүрер естiген,
Алшаң бассаң, қатарыңмен,
Естiмен...
Ат құлағын қайшылайды пысқырып,
Жолаушы да ой тiзгiнiн теткiген.
Қара түнмен ойнағандай тығылмақ,
Үрей шiркiн жан жүрегiн сығымдап,
Өне - бойы жапырақтай қалтырап,
Таятындай мына бастан бүгiн бақ.
Таятындай таппастан түк тиянақ.
Өмiр өрге шықпақ едi қиялап,
Адам деген адал атын күйелеп,
Жасады ма өмiрiне қиянат,
Қашқын деген қара күйе жағылып,
Жортумен жүр қыр төсiнде сабылып.
Аш қасқырдай ауыл шапты баспалап,
Қара түнде перде қылып жамылып.
Алдырғандар аузындағы ырысын,
-Бiтсiн, - дедi қанды майдан, ұлы сын.
Фашистердi жеңгенде ерлер талқандап .
Тарылтар - ақ, зұлымның да тынысын.
Бұл сөздердi ол күле тыңдап қыңбаған,
Серiк дейтiн айсыз қара түн маған...
Көрiнгiсi келгенiмен айбатты,
Жүрек шiркiн дiр етуден тынбаған.
Қорқатын ол, қорқатын ол өлiмнен,
Қорқыныштан санасы сан бөлiнген,
Сонан соң да соғыс шыққан сәтiнде,
Дей алмады, не көрсем де елiммен.
Содан берi тұрақ таппай жүр қашып,
Кiсi көрсе кете беред қырды асып.
Ит қорлықпен ұйқы қанбай, сұр қашып,
Әзiр тiрi, қара жерде жүр басып,
Ұзақты күн жүз шыйрығып, жүз жасып.
Бұл күндерде тiрi жанға зәру ол,
Мұң шағатын шерiн қозғап, сырласып,
Айтар едi ол жанарына мұң тұнып,
Қажет болса дiр - дiр етiп жұлқынып.
-Өлгiм келмейдi
Кешем тiрлiк құлпырып.
-Отан үшiн үзген өмiр гүлдерiн,
Оларды ма, оларды ма, бiлмедiм.
Боздақ дейсiң, батыр дейсiң, болайын,
Есуастар, өз пiкiрiм бұл менiң.
Жауған оққа
Жанған отқа кiрген не,
Асығу ма, таласу ма бiр көрге.
Ойхой, шiркiн, түсiнгенге жетер не,
Тiршiлiкте бiр күн өмiр сүргенге,
Кейде күдiк көкiрегiн меңдеген,
Ардың үнi - ау әлi жағы сенбеген.
Қыран емес, құртымдай - ақ құртсың сен ,
Қорек еткен күл-қоқырмен, көңменен.
Қыран тектес кезбейсiң сен қияны,
Сендейлердiң көп елiне зияны.
Ажал сенен қалар деме адасып,
Өлiм құрты қолқаңды әлi қияды.
Жоқ, жоқ, деген өз үнiнен шошынып,
Қалғандай ед жалғыз сәтке тосылып.
Абалаған иттiң дауысы алыстан,
Талып жеттi жүрiп кеттi жосылтып...
Жапан, дала, жалғыз күрке үскiрiк,
Кәрi төбет абалайды қыстығып.
Күрке iшiнде қарт ана мен жас бала,
Тымауратқан салқын тиiп, түшкiрiп,
Күрке алдында отар саулық жусаған,
-Ит үредi, шығалық жүр, Мұсажан,
Дедi ана аяққа iлiп кебiсiн.
-Арылар күн туар ма екен құсадан.
Мылтығыңды қарашығым ала шық,
Кәрi төбет кеттi неге әрi асып.
Шабаланып тегiн емес үргенi,
Қасқыр торып осы маңда жүр тегi.
Осылайша ана жүрек толғанып,
Құс мылтығын оқтап жатты қолға алып.
Естiгенде иттiң дауысын өлеңдеп,
Деген қашқын жолды тәңiрiм жiбер өзiң оңғарып.
Жортсадағы ой-жыраны сағалап,
Ит соңынан қалар емес абалап,
Сойқан тiрлiк құрған мәңгi тұзағын,
Құрғаны ма сақ - сақ күлiп табалап.
Тұрғаны да мазақ етiп, табалап.
Аш қарынға ораза ашар табар-ақ,
Көлеңкеде соңына ерген бұл қырсық,
Қалар ма екен мына иттей сабалақ.
Көкiрегiн қарс айыра күрсiнiп,
Жүрген көңiлi сап басылды дүрсiнiп,
Тiсiн қайрап күңiрене күйзелiп,
-Шәуiлдеуiн, жақ жаппастан қырсығып.
Қамшыменен жiбередi иттi осып-ақ.
Ит қыңсылап жөнеп берген осы уақ.
Қасқыр деген суық ойдан жүрегi,
Кеткен едi қарт ананың шошып - ақ.
Қасқыр малды кетер ме екен қырып-ақ,
О,тәңiрi, тұрғаның ба қырыңа ап.
Қарт ананың дiр - дiр еткен саусағы,
Ақыры тапты шүрiппен бiр уақ.
Қара түндi қақ айырып гүрс етiп,
Атылған оқ қадалды ма кiрш етiп.
Тәңiрiм - ай, жансақ естiп тұр ма бұл.
Құлаған кiм «Өлдiм - ау» деп, гүрс етiп...
Сұлап жатқан қарсы алдында дене ме?
Шыныменен мен аттым ба? е, неге?
Қорыққаннан қос көрiндi - ау көзiме,
Көрмеген жан бұл сөзiме сене ме?
Ана осылай өзiн - өзi тергеген,
(Қорылған да қалмады ендi көрмеген)
Аш мойынға тұзақ түсер тұсында,
Қиянатқа әдiл жандар бермеген...
Ерлiк ердiң еншiсiне тән қылық,
Ез өлмекшi сын сағатта қаңғырып.
Ер есiме ел туындай желбiреп,
Жадымызда мәңгi жасар жаңғырып...
Басы ашығы ерлiк елдiң өркенi,
Өткенi ол бүгiнгiсi, ертеңi.
Қалғымасын ер азамат намысы,
Деген оймен ақының сыр шертедi.
...Тағдыр шiркiн
Бiреулерге ерлiк өмiр сыйлаған.
Бәз бiреуге сараңдық қып,
Ерше өлудi қимаған.
«Жазмыштан озмыш жоқ»деген бар,
Неге бұлай!
Жауап таппай қиналам.
Suleymen Bayazitov