Назым Ғизатқызына

   



Тәтті қиял жүректі сан тербеген,
Кездер еді-ау
Қайта оралмас сол бір шақ
Өлең-қанат қияларға сермеген,

Қайта құру кезеңіне болды тап.
Талайлардың талқан болып талабы,
Ащы мұңға берілген.
Тек ағаңның қолдан түспей қаламы,

Ойы өлең боп өрілген.
Қиын- қыстау сол кездерде тағдырма
Танысқан ем сенімен.
Телефонмен іздеген сен

Есіміңді естігенде таң қалдым.
Мен танитын
Арасында жоқ едің сен жандардың.
Әйтсе дағы дегеніңде:

«Кітапхана... оқырман...»
Қол созған ем өлеңіме
Жаңа жазып отырған.
Жыр дәптерді сонан кейін

Парақтап,
Жыр оқуға ауды әбден пейілім.
Жандар жайлы арманы асқақ
Жаны аппақ

Жатық оқып келтірсем деп мәнерін...
Білмесем де мұнан ненің өнерін
Жақ қарысып
Құрғағанша көмейім

Тамағымды кенейін...
Қыран құстай қағаздағы
Жырларыма төнейін.
Асар, бәлкім, осы кеште мерейім...

Бәлкім,түкке ақындығым арзымас.
Пендесің –ау, сірә, саған не дейін.
Кітапхана...
Оқырмандар жыр кешіне жиылған

Шу басылып жаңа ғана,
Сыбыр-күбір тиылған.
Жыр оқыдым,
Шалқып үнім, аралап жүр жер- көкті.

Нәрлі жырым
Оқырманды деп ойладым тербетті.
Кенет...кенет...
Таяғы бар ақсақал

-Әй, – дегенде
Ет жүрегім дір етті.
Айдап салып отырма екен бір епті.
-Жырың сенің айтшы

 Қайда басылған?
Қисық шалдың өңі сұсты ашынған,
Сипамасы анық еді басымнан.
–М...м.. –дедім анық еді сасқаным,

Тым ұзаққа созылды сол қас-қағым.
– Бұл кісінің
«Бастауын»
Білесіздер жинақ етіп «Жалын» өзі басқанын

«Жұлдыз», «Жалын» журналдары... –
Деді ақсақал жымың етіп түсіндім.
Есіміңді жаңа есіме түсірдім...
Жылдар өтті.

Кітаптарым шыққан сайын баспадан
Ақ ниетті оқырманмен
Кездесуді бастаған
Тұстарыңда

О, тәуба-ай
Мен өзіңнен жасқанғам.
Асыл сөздің
Жасық сөзден

Саралап ара салмағын.
Кейбір «ақын» тасырларға
Шайнатқан ең бармағын
Өзіңді де, біздерді де шыңдадың,

Әділ сөйлеп Ардың үнін тыңдадың.
Сан марапат айналып өтіп өзіңді,
Кеудесіне тағылған ед
Қолы ұзын қулардың.

Марапатсыз сен солардан биік ең,
Ашқан талай таланттардың шын бағын.                                                                                
   
                Сүлеймен  Баязитов