Бапалақ пен күшігі




Бапалақ пен күшігі
       (Ертегі)

Ерте, ерте, ертеде,
Ешкінің жүні бөртеде.
Бақылдаған текенің,
Сақалы тым келтеде.

Ертегілер елінде,
Көне қазақ жерінде,
Дәлірек айтсақ, турасын,
Көкшіл тауды

Баянаула төрінде,
Балалар елі бартұғын.
Мініп түсер көлігі,
Боталы түйе, нартұғын.

Айдың көлдің жағасы
Тілдескен көкке ағашы,
Жеміс – жидек толы еді.
Шалқып жатқан айдыны,

Мөлдіреген тұнығы,
Көл біткеннің сұлуы.
Жасыл көлдің жағасын
Паналап жаз қыс ағашын

Атасының құлыны,
Әжесінің жұлыны,
Желпілдеген тұлымы,
Бапалақ асыр салатын

Құп - кұй тымбай күшігін
Қасына ертіп алатын
Бапалақтың досы еді
Қайсар атты бұл бала

Кемшілігі бір ғана
Естісе де Бапалақ,
Жымысқысы бар деп қолының
Бос сөз деп мән бермеді.

- Естідің бе? - дегенге
Әман қолын сермеді.
- Қайсар - қимас досым,- деп,
Оған сонша сенген - ді.

Бір күні алыс қаладан,
Жанына өзін балаған,
Апасы келген қонаққа.
Бапалақ оған көрсетті,

Үйшіктегі  күшігін.
- Құтты болсын, қарағым!
Ал Бапалақ  деді апасы күшігің.
Маңғаздана кенеп тамағын:

- Күшік, саған тапсырам,
Тыныштығын күзет апамның
Кетпесін алып әлдекім,
Алқасын, зерлі шапанын.

Құлағындағы сырғасын,
Саусағындағы жүзігін.
- Айналайын, қызығым,
Өркенің өссін сенің! - деп,

- Қорғаушым біттей менің, - деп,
Мәз боп жатыр Апасы.
Бұйрығына Бапалақтың
Жоғарыдан түсірген

Қала алмаған бейтарап
Күшігіде ішінен.
Тапсырманы қайталап,
Құлағына құйып алған - ды.

Ертеңгісінде сол үйге
Қайсар келе қалған - ды.
Далаға шыққан Бапалақ
Әлденеге алданды.

Есік ашық қалғанда
Ал Қайсардың тімтініп,
Жан-жағына көз салғанын
Күшік бірден аңғарды.

Қонақ жатқан бөлмеге
Басын сұғып қарады.
Енді бір сәт тың - тыңдап,
Сыртқа құлақ салады.

Мысықша басып еппенен
Бөлмеге кіріп барады.
Қырағы көзі күшіктің
Қайсар сынды пысықтың

Ұйықтап жатқан апаның
Қасына таман барғанын.
Шешіп қойған алқасын
Қалтасына салғанын.

Дәлірек, ұрлап алғанын
Бірден шалып қалған - ды.
Бапалақ кірді бөлмеге
- Доп ойнайық бүгін деп,

- Шақырғалы келіп ем.
Стадионға сені мен,
- Деп есікке беттеді,
Үйшікте жатқан күшік кеп

Оның жолын бөгеді.
Шәу - шәу үріп Қайсарға
Ырылдап ойбай шегеді.
У - шу болды бөлме іші

Өңі қашып Қайсардың
Тарылған ед тынысы.
Бапалақ  қорқып  тұрмын мен,
Күшігінің түрінен

Шыңғырып жылап жаңғыртты,
Ат шаптырым бөлмені.
Қорықпа деді Бапалақ
Талатпаймын мен сені

-Тыныштықты бұзған таң атпай
Кім болды екен білейік?
- Деп үлкендер кіргенде,
Жылауын қойып бір демде

Беттеді Қайсар есікке,
Күшік оның  жеңіне
Жармасқан ед арс етіп,
Ал Қайсардан ес кетіп:

- Ойбай, ойбай, талама
Берейін, - деп алқаны.
Деп еңіреп егілді.
Қайсардың сыры ашылып,

Ұрлық қорлық екенін,
Ұрлық түпке жетерін,
Айғақтады тағы да
Бапалақтың күшігі.

Көп күшіктің пысығы
Ауылдың алма бағында
Күзетте жүр қарашы
Ал Қайсардың қарасы

Көрінбей кетті деседі
Айыратын сенімнен
Айыратын еліңнен
Ұрлықтың көп кеселі.

               Сүлеймен Баязитов