Қайсар рухты қаһарман халқымыздың өткен ғасырда жүріп өткен тарихи
жолы Павлодарлық ақын Қажымұрат Смағұлдың “Тағдыр” атты жыр жинағында лайықты
көрініс тапқан.
Ақын:
Сүйсінді
жұрт жау жеңген ерлігіне,
“Ақтабан”
деп ат қойып шерлі күнге.
Міне
сондай бірігер кезең келді.
Арқа сүйеп оңбақсың енді кімге?!
– деп
толғай келіп, жұртын аңсатып жеткен тәуелсіздіктің тірегі болуға шақырады.
Мұнысы жұрт құлағын жауыр еткен әдеттегі жалаң үгіт, даурықпа шақыру емес,
халқымыздың басынан өткен замана
зұлматын айшықты дәлелдермен көлденең тартқан, тәуелсіздіктің парқын
пайымдаған - өмірден көргені көп,
түйгені мол ақынның, азаматтың жүрек жарды жан сыры.
Оның
аталған жыр жинағына енген “Тағдырлар”, “Жазықсыздар”, “Батырлық туралы жыр”
поэмаларын оқып, астарына ой көзімен үңілген кез келген оқырманның бұл пікірді
теріс ке шығармасы хақ.
Аталған поэмалар еліміз өткен
ауыр да, азапты тарихи жолдың үш кезеңіне арналған. Оның біріншісі –
ашаршылық, екіншісі – қуғын-сүргін,
үшіншісі – соғыс апатын сөз етеді.
ХХ-шы ғасырдың алғашқы жартысында
орын алған алапат апаттардың алғашқысы қазақ халқының басына ала-құла үйірілген
қара наубат еді. Қылыш сілтеп, мылтық атпай, тәнін жаралап, қанын төкпей қырып
салған Голощекин саясатының құрбаны, поэма кейіпкері Жарқын:
Жасанды саясаттың қырсығынан,
Сөнгендей жаңа атқан нұр шұғылам.
Тоз-тозы шықты лезде еркін елдің,
Қиылды талай тағдыр қыршынан –
деп баяндайды.
Мал жинап дүркін-дүркін дабыл
қақты,
/Кедейдің малмен бірге шаңын
қақты/...
Үскіріп отыз бірдің қысы келді,
Қайғысын қазақтың кім түсінеді? –
деп күйзеледі.
Талғажу
іздеген бейшаралар қыр астында көміліп қалған ертеде өлген малдың қаңқасын
қазып алып, көрек қылмақ. Атасы мен енесін асқа шақырған Жарқын... оған
енесінің көз жұмғанын...
Өзінің
де әл-қуатының сарқылып бара жатқанын,
ең бастысы азық іздеп кеткен Жомарттың мұнан әрі жолын тосу, бүкіл бір
әулеттің шаңырағын ортасына түсірерін түсіндіре келіп, тәуекелге бел буып, таң
ата Алтайға бет алуын кеңес еткен ата аманаты.
Алда
үміт, артта қарт әке, шешесімен өмірінің жалғасы Тұңғышбай мен адал жары
мұны ашаршылықтың қанды тырнағынан
құтқарам деп құрбан болған Жомарт.
Бір кезде бір әулеттің , құтты шаңырағы, алтын
ұясы болған қара шаңырақ – ата мен енесінің мәңгілік моласына айналған қара
шаңырақ қалып барады. Осы бір ақылдан алжастырардай, ауыр кезеңде Жарқынға
атасының Тұңғышбайдай ұрпағын аманат еткен соңғы сөзі қажымас қайрат, жасымас
жігер береді.
Үміт шырағындай жол сілтейді. Дархан, Иван,
Қаншайым, Рахым сынды поэма кейіпкерлері заманның ауыр жүгін айбынбай көтерумен
қатар азамат басына күн туған сол кезеңде жомарттық танытады, бірін-бірі жан
жылуына бөлейді. Біріне-бірі ашыққанда азық, қиналғанда сүйеу бола біледі.
Сөйтіп, адамға, нағыз адамға тән мейір, пейілдерімен тәнті етеді.
Ал
ақынның “Жазықсыздар” поэмасы туралы республикаға белгілі жазушы, жерлесіміз
Мүбарак Жаманбалинов өзінің “Арқауы берік, бояуы -қанық” атты мақаласында:
“Жазықсыздар” поэмасында Қажекең бұл жанрда өзінің шеберлігін жетілдіре
түскенін дәлелдеген.
Поэманың
тілі жатық, арқауы берік, оқиғасы тартымды, бояуы қанық” деген пікір білдірген
екен. НКВД өкілі Сәбиттің арсыз әрекетіне өздерінің адал махаббатарын қарсы қоя
білген ауылдың қарапайым жастары - Әлібек пен
Мүгілсім, мына жарық дүниеде қызының өз бақытын табуын армандап, Сәбит
сынды сұмырайдың қоқан-лоқысын құлағына ілмеген аяулы әке Әділ. Әрқайсы поэмада
өздерінше дараланып, көрініс тапқан.
Сөйтіп,
тақырыпты игеру, кейіпкердің жан-дүниесін ашу жолында ақын аз еңбектенбеген,
ізденген, ойланып-толғанған, шығармада баяндау, суреттеу, диалог, шығарма
экспозициясы бірін-бірі аша түскен. Сөзіміз дәлелді болу үшін
Қайыңдар
қар суымен жүзін көріп,
Самалдан
аймалаған наз табады-
Немесе
-Досым
бар Хабарыда бірге өскен,
-Мүмкін
ол жауыз шығар түрме кешкен, деген табиғат суреті мен диалогты айтсақта
жеткілікті болар. Ал мұндай келісті суреттеу, диалогтар аталған екі шығарма да
баршылық. Бұл сөз жоқ ақынның жетістігі. Әттеген-айы да жоқ емес.
“Сойылын
соқпай-ақ өңге жанның,
Қаңғырар бала-шағаң, көңде
малың...
Даусымен күңіреңдіріп бар даланы
”
Деген шумақтардағы көңде малың, күңірендіріп
/бәлкім күңірентіп/. Сөйлем тіркестерін түсіне алмадық. Бір қуаныштысы мұндай
шумақтар аз.
Ақын
жинағына пікір білдіруші жазушы Ғалымбек Жұматов “жинақты оқи отырып сезім
қылдарын тербеткен саумал шумақтардың балладалар арасына құйылғанын көрсек,
тасқындап аққан маржан шумақтар тұлғалы-тұлғалы поэмаларға барып тамыр қосады”
– десе, Мүбарак Жаманбалинов “Жалпы отызыншы жылдар жайында жазылған көркем
шығарма.
Әсіресе поэзия тілінде жазылғаны жоқтың қасы.
Бұл тұрғыдан алғанда да “Жазықсыздар” поэмасы бүгін таңда жалпы қазақ
поэзиясындағы елеулі еңбек деп білуіміз керек”, - деген пікір түйіндейді.
Ал
осы “елеулі еңбекті” астаналық кез келген ақын жазған болса бәлкім есімі ендігі
ел аузында жүрген болар еді. Бір ғажабы кешегі Кеңес кезінде жергілікті ақын,
жазушылар, өнер иелері, олардың шығармалары аса еленіп, ескеріле бермейтін.
Тәуелсіз елімізде де сол темір тәртіп “тақтан” таятын сыңай танытар емес.
Ал
мұндай жағдайда жергілікті ақын, жазушылардың қаламынан туған, қазақ
әдебиетінің өрісін кеңейтер құнды дүниелердің қалың оқырман қолына тиюі екі
талай.
Сондықтанда
республика мектептерінде сол өңірде тұратын жергілікті ақын, жазушылардың жас
ұрпақты отаншылдық сезімге тәрбиелеуге бағышталған, сол өңірдің тарихы, тарихи
адамдары жәйлі жазған құнды шығармаларын 5-11 сыныптарда әдебиет, тарих
пәндеріне қосымша ретінде оқу жылы барысында 2-4 сағат сыныптан тыс оқуға
ұсынылса жөн болар еді.
Азалы жылдардың жыр мен
өрнектелген бұлтартпас айғақты ақиқаты – міне осындай ойларға қалдырған.
Сүлеймен Баязитов