Сөзін жазған С. Баязитов
1. Таң шапағы шашырап,
Оянғанда атырап.
Аспанға иық тіреген,
Ақбет тау бізді шақырад.
Қайырмасы:
Ақбет,
Ақбет,
Көк мұнар.
Көк мұнарға біз құмар.
Биігінде асқақтап,
Көзді тартып тұр шынар.
2. Сан бояуға малынған,
Бұлтыңды да сағынам.
Ақбет тауға шыққанда,
Табыласың күннің жанынан.
Қайырмасы:
Ақбет,
Ақбет,
Көк мұнар.
Көк мұнарға біз құмар.
Биігінде асқақтап,
Көзді тартып тұр шынар.
3. Жүректі шаттық кернеген,
Алпарысып желменен.
Көз салсаң да қай жаққа,
Туған жер байтақ көлбеген.
Қайырмасы:
Ақбет,
Ақбет,
Көк мұнар.
Көк мұнарға біз құмар.