Аймауытов періште
емес, пенде еді.
Алмағайын кезеңдерде кешегі
Елім кімге жібермеді есені?
Арасына ұлтымыздың айбары,
Арсыздардың тиіп атқан кесегі,
Көсемдердің, азаматтың көшелі,
Қу қара жер болған тұста төсегі
Маузерлердің ауыздары қанданып,
Сатқындықтың мендегенде кеселі.
Айдалғанның Аймауытов бірі еді.
Періште емес,
Көп пенденің бірі еді,
Сынығы еді ол шарболаттың мұқалмас,
Ерше өлуге дауалаған жүрегі.
Аймауытов.
- Періште емес, өзгелердей пенде еді,
«Жанымды қи,
сұраймын де кешірім»
Дегеніне азғындардың көнбеді,
Сезімтал Жан,
Сайқалдарға сенбеді,
« Мен жау
емес,нағыз дұшпан сен» деді...
Ұрпағына ұран болып үні оның,
Жаққан оты жүректерде сөнбеді,
Қиын сәтте елі болды сенгені.
Тарлан тарих бұра тартқан кешегі,
Өз қатесін өзі ақыры жөндеді.