«Жас Гвардияшы» Жақан
Әйнек алдындағы орындыққа қаздиып
отырған Жақанның үйді басына көтере Александр Фадеевтің «Жас Гвардиясын» оқып
отырғанын көргенде зайыбы қатты қайран қалды.
– Бұрын – соңды мұндайың жоқ оқымысты болып
қалыпсың ғой, - деген қағытып, сол – ақ
екен Жақан:
Сен не білесің Олег
Кошевой, Сергей Тюленин, Любовь Шевцова
нағыз отанын сүйген ерлер ғой, - деп төгіле жөнелген.
Жақан сол жолғы ұзын
сонар сөзінен мұның ұққаны өзінің сол тарихи дәуірден кеш туғанына, аты аталған
ерлермен үзеңгілес болмағанына өкінеді екен. Оның мұнысы Сараға бір түрлі
күлкілі көрінген.
... Осыдан бірнеше күн
өткен соң сол жылдарда бөлімше кеңсесінде техничка болып істейтін Сара жеңгей
кеңсеге ілінген тудың жұлынып, ұрандардың жыртылып жатқанын көріп, бөлімше
басқарушысына хабарлады. Оның екі көзі атыздай болып;
– Ойбай, келін, тіріде тісіңнен шықпасын
құрыдық. Тілеуің құрғыр:
– Халық жауының әрекеті ғой бұл. Тек кім
болды екен?.
– Халық жауы дейсіз бе ... Деген бұл біртүрлі
күдіктене Ішіп жүрген жастар болмаса.
Сол сәт неге екені белгісіз оның есіне Жақан соңғы кезде «Жас Гвардияны»
оқып, киносын көргеннен бері аузына бірдеңе тисе болды туын тастап ... Ұранын
жыртып ... «Жас гвардияшылар» дың өздері өлгенмен аттары өлмейді, деп есі
кетіп, еліріп отыратыны, кеше үйге түн ортасында мас болып оралғаны түсе кетті.
Бұл келгенде Жақан шырт ұйқыда жатыр еді. Жұлмалап оятып:
– Үкіметтің қызыл туын құлатып,
ұранын жыртатын немесің ғой. Бар кеңсеге милиция шақырып жатыр, бар, - деген.
– Ә, ә не дейсің, кеңсе жанбай қалып
па? – деп есікке тұра ұмтылған Жақанды әке – көкелеп орнына әрең жатқызып, есін жиған соң бұл жайлы тісіңнен шықпасын
деп құлағына құюдай – ақ құйса да, ішіп алғанда Жақанның – аузына сөз тұрған
ба?, Бірте – бірте ел түгел құлақтанып қалған еді. Тек сырды сыртқа жаймаған.
Содан бері ел Жақанды «Жас гвардияшы» атандырып жіберді.